$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте қырғыз суретшілерінің көрмесі өтті

«Әлемге жол ауылдан басталады». Шымкентте дәл осындай атаумен суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Ерекшелігі - қойылған туындылар көрші Қырғыз суретшілерінің жұмысы. Шараға түрткі болған – екі елдің ынтымағы мен бірлігі.

Қазақ-қырғыз бір туған. Бұл сөзді ту еткен екі ел арасынан қыл өтпестей тату. Осы татулықтың белгісі ретінде айыр қалпақты ағайын қазақ жеріне сурет көрмесін алып келген. Алатаудың екі жағын қоныс еткен екі елдің ауасы мен табиғаты бірдей екенін ескерсек, қылқалам шеберлерінің жұмысында да айрықша ұқсастықтар бар.

Көрмеге еңбегін алып келген суретшілер Қырғызстанның Талас өңірінен. Жетеуі де өз саласының майталмандары. Көршілердің Шымкентті таңдауының да өзіндік себебі бар. Осыдан бір жыл бұрын шымкенттік қылқалам шеберлері Қырғызстанға барып, еңбегін таныстырған. Бұл осы дәстүрлі достық сапарының жалғасы.

Жақсы сурет – ұзақ ізденіс пен көп тәжірибенің жемісі. Сондықтан, суретшілер үшін әріптестерімен шығармашылық байланыс орнату маңызды.  Көрме Шымкент қаласында алғаш рет өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар дәл осындай көрмені Қазақстанның барлық қаласында өтізуді жоспарлап отыр. Сәйкесінше қатысушылар саны да артатын болады.

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары