– 1983 жылы қала тұрғындары 400 мыңнан асты. «Мұндай қалаға балалар үшін қуыршақ театры қажет" деп Асанбай Асқаровтай атпал азамат ашқан театр бұл. Бүгінде театр репертуарында қазақ және орыс тілдерінде отандық және шетелдік драматургтардың 120-дан астам қойылымы бар. Жуырда, «Жастар жылына» орай, драматургия саласына бет бұрып, «Ләйлі-Мәжнүнді» сахналадық. Мұндағы мақсат – жастардың жан-дүниесін ұлттық мәдениетімізбен байыту. Өйткені біздің театр осы уақытқа дейін балабақша, бастауыш сынып балаларына ғана қойылым қойып келді де, 6-11-ші сынып аралығындағы оқушылар назардан тыс қалып қойды. Дәл осы уақытта балалардың бойында өзгерістер орын алады. Біз осы аралықтағы кеңістікті мәдениетіміз арқылы жақсы бағытқа бұрғымыз келеді, – деді театр басшысы Б.Спанов.
Театардағы қойылымның қоюшы режиссері Самат Алтаев «Шығыстың дастаны арқылы жастарды адалдыққа, құрметке шақыруды басты мақсат еттік», - дейді. Өнер жанашыры көрерменнің тетарға деген ашық қарым-қатынас орнаса деген пікір айтты.
Брифинг барысында өнер мекемесінің ғимарат мәселесі, мамандар мен жас актерлердің жетіспеушілігі секілді жалпы проблемалары айтылды.
Айта кетейік, Шымкент қаласы қуыршақ және жасөспірімдер тетарының қойылымдары халықаралық фестивалдерде оң бағасын алған. Ұжым бірқатар байқауларда озып шығып, «Үздік әртіс», «Ең үздік режиссер», «Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі», «Сала үздігі- 2015», «Ең үздік актерлік жұмыс» номинацияларын жеңіп алған.
«SN.kz»-ақпарат.