$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте би мектебі есеп беру концертін өткізді

Шымкентте «Седьмой континент» спорттық-би мектебінің жылдық есеп беру концерті өтті. Екі күнге созылған мерекелік іс-шара ұжымның бір жылғы еңбектерін қорытындылап берді.

«Седьмой континент» би мектебі 1995 жылы құрылған. Содан бері  халық игілігі үшін қызмет етіп келеді. 24 жыл ішінде шәкірттері халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Қазақстанның атын Ресей, Латвия, Австрия, Италия, Болгария, Тайланд елдеріне шығаруда.

«Біздің би мектебіміз қаламызда ең үлкен, тек қаламызда ғана емес Қазақстандағы да үлкен мектеп деп  ойлаймын. Біздің шәкірттер халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуда. Гран-при, бірінші орындарымен міндетті түрде оралады» – дейді би мектебінің жетекшісі Татьяна Катичева.

Кеш қонақтарының назарына ауқымды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Балаларының өнерін тамашалаған ата-аналар, ұстаздардың еңбегін жоғары бағалауда. Талантымен талайды тамсандырған балалар көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. Концертке үш жасқа дейінгі балалардан бастап, бимен кәсіби түрде айналысып жүргендеріне бірнеше жыл болған өнерпаздар да қатысуда. Үкілеген үміттің жемісі мен жеңісін халық алдында көрсету «Седьмой континент» ұжымының үлкен жетістігі.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #би