Келіннің рөлін сомдап, Instagram әлеуметтік желісі арқылы танымал болған Сабира Жарасова YouTube-видеопорталындағы «Сәлем, Шоу» бағдарламасында өз отбасы, табысы жайлы сұхбаттасты.
Ол екі баланың анасы, сүйікті жар, инабатты келін. Бірақ жұмысына да уақыт тауып жүрген еңбекқор келіншек.
«Тығыз график жоқ. Қазір түсірілімдер көп болып жатыр. Түстен кейін қоюға тырысып жатырмын түсірілімдерді. Оған дейін тамағымды істеп, барлығын дайындап қоямын», - дейді Сабира.
Вайнер өзінің табысы жайлы шамалап айтып кетті. Бір жарнама үшін 1000 доллардан жоғары алады екен.
Ата-енесінен, жолдасынан қолдау тапқан келін өзін болашақта кинодан әртүрлі образда көргісі келетінін де жасырмады.
«Көбісі айтып жатады сізді фильмдерден көрсек деп. Болашақта үлкен фильмдерден көріп қаларсыздар. Мен барлық образды сомдағым келеді. Бір рөлді сомдай берген жалықтырып жіберетін шығар», - деді ол.