Қайрат Нұртас Арыстағы оқиға жүрегіне қатты тигенін өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
Өнер иесі халықпен бірге екенін жазбасы арқылы жеткізуге тырысуда.
«Бүгінгі Арыс еліндегі жағдай жүрегімді ауыртқаны өтірік емес. Сөзбен емес, іспен көмектескім келеді. Дүйім жұртқа жарияламай көмек бергім келеді. Қолым қысқа болып жете алмай жатырмын», - деп жазды Қайрат.
Бірнеше ай бұрын жоспарланған концерттері болғанын айтқан ол халық ортасында жүре алмайтынын жеткізді.
«3 ай бұрын жоспарланған Ресейдегі концертіме ұшқалы тұрмын. «Қолым қысқа» деп соны айтып отырмын. Көпшілік түсінбей қалған сияқты. Жүрегіммен Арыстамын. Арысым-ау Құдай жар болсын!», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты.