Атақты әнші, продюсер Қыдырәлі Болман өз Instagram-парақшасында «Астана күнін» тойламауды ұсынды.
«Елімізде тосын да, қиын жағдай болып, қаншама адам үйсіз, жарықсыз, жағдайсыз қалып жатқанда Нұр-Сұлтан қаласының тойын тойлау – үлкен әбестік, тіптен қисынға келмейді! Тойлауға арналған қаражат Арысқа бөлінуі қажет! Сіз қалай ойлайсыз?», - деді Қыдырәлі Болманов.
Сондай-ақ, әнші Арыс қаласының тұрғындарымен кездесу үшін Шымкент қаласына ұшып бара жатқанын жазған.
«Алла Арысымызға жар болсын! Елімізді, жерімізді сақтасын!», - деп қорытындылады Қыдырәлі Болманов.