$ 443.85  474.3  4.8

Шымкенттегі цирк ұжымы арыстық балақайларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Шымкент шаһарындағы эвакуациялық пунктердегі 500-ге жуық бала шымкенттік цирк өнері иелерінің қойылымын тамашалады. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту жане архивтер басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы 49 эвакуациялық пунктегі жас бүлдіршіндер үшін қойылым қойылды.

- Арыста орын алған төтенше жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Қалада құрылған 50-ге жуық эвакуациялық пунктерде үш күннен бері көмектер көрсетілуде. Еріктілер мен мекемелер, тұрғындар азық-түлік, киім-кешек беріп, қаржылай жәрдемдессе, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, цирк мекемесі балаларға арнап қойылым, концерттік бағдарламалар қойып жатыр. Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында балақайларға ертегі кітаптары, танымдық кітаптар, сурет салатын қаламдар таратылды, - деді мекеме басшысы Арман Әлиев.

Қайырымдылық қойылымында "Айгөйлек" балалар ансамблі өнер көрсетті. Мұнан соң манежге цирктің жас жануарлары шығып, балақайларға қуаныш сыйлады. Балдырғандар әуе акробаттарының теңдессіз пластикасы мен үйретілген жануарлардың өнерін, сайқымазақтың көңілді нөмірлерін де тамашалады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары