$ 494.87  520.65  4.91

«Қыздың арсыз болуы қарғыспен тікелей байланысты»: Жанар Айжанова бала тәрбиесі туралы сөз қозғады

Ата-ананың өз баласына айтқан әр сөзін періште мақұлдап тұратын көрінеді. Балалардың жолын өздері жауып, кейін оларға өкпе артып жүрген ата-ана қаншама...

Жанар Айжанова бала тәрбиесіндегі ата-ана қарғысы мен аузынан шыққан әр сөз баланың болашағына қатты әсер ететінін Instagram-парақшасында әңгімеледі.

«Сіз балаңызды қарғайсыз ба? Ендеше «Арпа егіп, бидай орамын» деп ойламаңыз. Бұны айтып отырған себебім, ертеректе бір әйел бала-шағасын болмашы нәрсеге бола «Ақ үйіңе қара тігілгір» деп күнде қарғап жататын. Естігенде денеміз түршігіп қорқатынбыз. Кейін естідік, ақыры солай болғанын. Жүйесіз қарғыс өзіңді табады деген. Ердің ез, қыздың арсыз болуы қарғыспен тікелей байланысты», - дейді Жанар Айжанова.

Оның айтуынша, ашу үстінде айтылған теріс және ауыр сөздер баланың болашағын байлады екен. Сондықтан ашу кезінде ойланып сөйлеген абзал. Ата-ананың өз баласына айтқан әр сөзін періште мақұлдап тұратын көрінеді. Балалардың жолын өздері жауып, кейін оларға өкпе артып жүрген ата-ана қаншама...

«Сөздің қуаты көзге көрінбегенмен, сезіледі. Мүмкін сіз бен біздің аузымыздан шығып кеткен қарғысымыздан шығар, келіннің шайпау, қыздың кертартпа, ұлдың ер емес ез болып жатқаны. Бәрі деп айтып отырған жоқпын. Дегенмен де, кейбір енелерді былай қойғанда, өз шешелері ұл-қыздарына аузына келгенін айтып жатады. Не болмаса байынан, басқадан ала алмаған өшін өрімдей бала-шағасынан алып, қарғыспен кептіріп жатады. Сосын келіп жылайды. «Қызымның бағы жанбады, ұлымнан еңбегім қайтпады» деп. Баланың жолын баяғыда-ақ өзі жауып тастағанын білмейді», - дейді Жанар Айжанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары