$ 446.49  475.38  4.79

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың үйленгенін неге 10 жыл бойы жасырғанын айтты (ВИДЕО)

Анасының айтуынша, отбасылық өмір көпшілікке жария болса, отбасында бақыт ұзаққа қонбайды.

Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова «Қарақатпен шай» бағдарламасына берген сұхбатында не үшін 10 жыл бойы ұлының отбасылы екенін жасырғанын мәлімдеді. 

«Негізі әншіні көтеретін қыздар. Шулап, қолдап деген сияқты. Мысалы қай әншіні алсақ та, мысалы «Музарт» үйленді деген кезден бастап бұрынғыдай емес», - деді Гүлзира Айдарбекова.

Қайрат Нұртастың үйленгендігін анасы жай құпия ұстағысы келген. Анасының айтуынша, отбасылық өмір көпшілікке жария болса, отбасында бақыт ұзаққа қонбайды. 

«Менде әртүрлі ой болды. Олар отбасы құрғасын олардың өміріне араласқым келмеді. Отбасына кірбің келмесін дедім. Екеуі де сахнада жүрсе ауызбіршілік болмай қалады. Оны көтеру өте қиын» - деді анасы. 

Гүлзира осылай жасырып ұстаудың артықшылықтары көп болғанын айтып, сол ісіне қуанатынын айтып өтті. Өйткені, отбасының берекесін сақтағанның арқасында төрт немере сүйді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары