$ 494.87  520.65  4.91

«Секс – адреналин шығарудың ең пайдалы түрі»: Динагүл Тасова жыныстық қатынастың пайдасын айтты

Подиумға жалаңаш шығып танылған қазақ қызы жыныстық қатынастың пайдаларын нөмірлеп айтып шықты.

Алғаш рет «секс» сөзі 1929 жылы тіркелген, деп жазды Астана қалалық мәслихат депутаты Динагүл Тасова өзінің Facebook-парақшасында.

Подиумға жалаңаш шығып танылған қазақ қызы жыныстық қатынастың пайдаларын нөмірлеп айтып шықты.

«Секс – адреналин шығарудың ең пайдалы түрі. Жыныстық қатынас кезінде адамның организмі жүз пайызға қызметін жақсартып, мидың жақсы жұмыс істеуін әкелетін таптырмас іс.

Жыныстық қатынастың пайдасы тек бұл емес. Қозудың арқасында:

1.   Арықтауға септігін тигізеді;

2.   Қанайналым артады;

3.   Бауырдағы глюкозаның мөлшері азаяды;

4.   Барлық энергетикалық қорлар белсенді жұмыс істейді;

5.   Қандағы холестерин деңгейі төмендейді;

6.   Қан қысымы қалыпқа түседі;

7.   Тұмауға қарсы иммунитет жоғарылайды;

8.   Тыныс алу жүйесі дұрысталады;

9.   Жүрек инфарктісінің алдын алады;

10. Мидың жұмысы жақсарады;

11. Хош иісті зат алмасады;

12. Тіс иектерінің қанап ауыруы тоқтайды;

13. Әйелдердің артының бұлшық еттері қатаяды;

14. Арқа ауруы тоқтайды;

15. Гормондар қызметі қалыпқа келеді;

16. Шаш жылтырай түседі және тырнақтар қатаяды;

17. Бет тазаланады;

18. Әжімдер азаяды;

19. Депрессиядан құтылады және шаршау басылады;

20. Агрессия төмендейді;

21. Қимыл-қозғалыс ширайды;

22. Простатит пен цистит емделеді;

23. Көңіл-күй жақсарады;

24. Өмір ұзартады.

Сізге қаншалықты ләззат пен пайда әкелетінін шешуді өз еншіңізге қалдырдым. Қандай позада немесе аптасына қанша рет жыныстық қатынасқа түсетініңіз өзіңізге байланысты. Секс-пен ас үй үстелінде болсын, төсекте 3 сағат сайын айналысқан тиімді» - деп жазды модель.

Жазбасының соңында, әркімнің өз қалауы бар екенін айтып, оқырмандарына денсаулық тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары