Алғаш рет «секс» сөзі 1929 жылы тіркелген, деп жазды Астана қалалық мәслихат депутаты Динагүл Тасова өзінің Facebook-парақшасында.
Подиумға жалаңаш шығып танылған қазақ қызы жыныстық қатынастың пайдаларын нөмірлеп айтып шықты.
«Секс – адреналин шығарудың ең пайдалы түрі. Жыныстық қатынас кезінде адамның организмі жүз пайызға қызметін жақсартып, мидың жақсы жұмыс істеуін әкелетін таптырмас іс.
Жыныстық қатынастың пайдасы тек бұл емес. Қозудың арқасында:
1. Арықтауға септігін тигізеді;
2. Қанайналым артады;
3. Бауырдағы глюкозаның мөлшері азаяды;
4. Барлық энергетикалық қорлар белсенді жұмыс істейді;
5. Қандағы холестерин деңгейі төмендейді;
6. Қан қысымы қалыпқа түседі;
7. Тұмауға қарсы иммунитет жоғарылайды;
8. Тыныс алу жүйесі дұрысталады;
9. Жүрек инфарктісінің алдын алады;
10. Мидың жұмысы жақсарады;
11. Хош иісті зат алмасады;
12. Тіс иектерінің қанап ауыруы тоқтайды;
13. Әйелдердің артының бұлшық еттері қатаяды;
14. Арқа ауруы тоқтайды;
15. Гормондар қызметі қалыпқа келеді;
16. Шаш жылтырай түседі және тырнақтар қатаяды;
17. Бет тазаланады;
18. Әжімдер азаяды;
19. Депрессиядан құтылады және шаршау басылады;
20. Агрессия төмендейді;
21. Қимыл-қозғалыс ширайды;
22. Простатит пен цистит емделеді;
23. Көңіл-күй жақсарады;
24. Өмір ұзартады.
Сізге қаншалықты ләззат пен пайда әкелетінін шешуді өз еншіңізге қалдырдым. Қандай позада немесе аптасына қанша рет жыныстық қатынасқа түсетініңіз өзіңізге байланысты. Секс-пен ас үй үстелінде болсын, төсекте 3 сағат сайын айналысқан тиімді» - деп жазды модель.
Жазбасының соңында, әркімнің өз қалауы бар екенін айтып, оқырмандарына денсаулық тіледі.