$ 444.32  473.33  4.76

«Дұрыс еркектен қатын кетпейді»: Бағлан Әбдірайымов отбасын сақтап қалудың жолын айтты

Оның ойынша, отбасын сақтап қалу ер адамға тікелей байланысты.

«Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов өзінің Instagram-парақшасында ажырасу мәселесіне қатысты жазба қалдырды. 

Оның ойынша, отбасын сақтап қалу ер адамға тікелей байланысты. Жігіттер «Отағасы» деген атқа лайық болып, ажырасуды болдырмаудың қамын істеу керектігін айтты.

«Отбасы болған соң кедергілер мен түсініспеукшіліктің болуы заңдылық. Осы орайда еркектің сынып қалатыны, жауапкершіліктен қашатыны қынжылтады. Ажырасудың басым бөлігін еркектер қабылдайды. «Ой мінезі нашар, сөзім өтпеді, шешеме сөз қайтарды, туыстарымды дұрыс күтпеді» деп мың сылтау айтып шыға келеді. Өзін еркекпін деп жүріп ез болғанын аңғармай жалған көкірек керсететіні де бар. Бір ағам «дұрыс еркектен қатын ешқашан кетпейді» деп көше тілімен айтқаны бар еді. Сөзінің жаны бар», –  деді өнер иесі.

Бағлан сөз соңында отбасының ұйытқысы ер адамдар екенін түсіндіре отырып, оларды мықты болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары