Мейрамбек Беспаев «шешініп кеткен әншілерді» шығарып жүрген телеарна басшыларын сынады. Бұл туралы әнші Youtube-каналындағы TalkLike жобасына берген сұхбатында айтты.
«Өкінішке қарай, біздің телеарналарда ашық-шашық жүргендерді, құлағына сырға таққан жігіттер мен шашын бояғандарды көп дәріптейді», - деді әнші.
«Қамшы берсе, кімді сабар едіңіз?» деген журналисттің сұрағына да жауап берді.
«Телеарна басшыларынан бастап сабау керек қой. Мынаны неге көрсетесің? Мынаны неге дәріптейсің деп. Оның кінәсі жоқ шығар мүмкін. Оған ақша керек болған шығар. Арғы жағындағы проблемасын білмеген соң, оның басын бастай алмайсың», - деді Мейрамбек Беспаев.
Сондай-ақ, бұл проблемаға тек бір адамның кінәлі емес екенін де жеткізді.
«Соңғы кездерде біз оларды көп көрмейміз сахналардан. Болмаса біздің ортада жоқ олар. Кейде арамызға түсіп қалған кезде, олар өздері қаймығып, «аға» деп ұялып қалады. Сонысына да рахмет деп қоясың. Өзімізден де бар шыға кінә. Қалай болса солай жүрдік бәріміз. Алдыңғы толқын ағаларымызбен басымызды қосып, тырысып көрдік бәріміз. «Иә, иә, осыны істеу керек» дейміз де. Жан-жаққа тараймыз, сөзімізде тұрмаймыз. Соның да кесірі шығар. Заң жасай алмадық қой 30 жылда. Сондықтан бәрі бетімен кетеді. Амал жоқ, қарап отырасың. Не деп айтасың?», - деп айтты Мейрамбек.