Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Домбыра күнінің маңызына тоқталып, жаңа ескерткіштің ашылуымен құттықтады. - Бәріміз үшін қуанышты күн. Домбыра аспап қана емес, қазақтық жаны, философиясы деуге болады. Домбыраның үнінен-ақ көп жайтты түсінеміз. Бұл құндылық қала тұрғындарына, жас ұрпаққа серпін береді деп ойлаймын.
Ескерткішті орнатуға қолдау көрсеткен қала мәслихатының депутаттарына, меценат азаматтарға өз алғысымды айтамын, - деді қала әкімі құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ, жиында айтыскер ақын Біржан Байтуов өз арнауын оқып, домбыра күні рухымызды асқақтататын мереке болуы тиіс екенін айтты. Мерекелік бағдарламада халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары орындалып, мерекенің әрін кіргізді.
«SN.kz» - ақпарат»