$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандының Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» фестивалі өтті

Өнер мерекесінің мақсаты- мәдени мұрамызға жаңаша рух беріп, сол арқылы жастардың санасына​ сіңіріп, күй өнерін, әсіресе Арқа шертпе күй өнерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Қарағандының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында, облыс Әкімдігінің және Мәдениет басқармасының қолдауымен​ «Ұлы дала перзенті» атты шертпе күй бойынша бірінші фестиваль өтті. 

Ол танымал күйші және композитор Сембек Айдосұлының 155 жылдығына арналды. Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 13 орындаушы қатысты. Олардың ішінде арнайы шақырылған белгілі өнертанушылар –  «Жыр қағаны» ақындар байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ дәстүрлі әншілер Медет Осатаев пен Айгүл Бақторазқызы​ болды. 

Өнер мерекесінің мақсаты- мәдени мұрамызға жаңаша рух беріп, сол арқылы жастардың санасына​ сіңіріп, күй өнерін, әсіресе Арқа шертпе күй өнерін өскелең ұрпаққа насихаттау.Шараға Сембек Айдосұлының ұрпақтары да қатысып,ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қарағанды облыстық әкімдігінің мәліметінше, фестивальге «Жыр қағаны» поэтикалық байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнертану докторы Ардаби Маулетұлы, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ дәстүрлі орындаушылар Медет Осатаев, Айгүл Бақторазқызы және басқа да әртістер қатысты.

«Сембек Айдосұлы Қарағанды өңірінде ғана емес, сонымен қатар басқа аймақтарда да танымал композитор және күйші. Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл аталып өтеді. Өткен жылдың 13 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында осы мерекені жариялаған болатын. Домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде мерекеленді», - делінген таратылған ақпаратта.

Сембек Айдосұлы (1864-1931 ж.ж.)– Қарағанды өңірінде ғана емес, сонымен қатар басқа аймақтарда да танымал композитор және күйші. 

Ол Қыздарбектің оқушысы болып табылады.

Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл аталып өтіледі. Өткен жылдың 13 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында осы мерекені жариялаған болатын. Домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде тойланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды