– Нұр-Сұлтан - санаулы жылдар ішінде сәулеті мен дәулеті келіскен, ірі, ресми, мәдени, рухани орталыққа айналды. Бүгінде әлем Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстанмен егіз ұғым ретінде танитын болды. Ол барлық қазақтың символы деп айтар ем. Елбасы сіз бен бізге осындай керемет қала салып берді. Ендігі ел тұрғындарының әлеуеті жыл санап арта түседі. Шымкентте де үлкен өзгерістер күтіп тұр. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Сіздердің қолдауларыңызды сезінемін! - деді қала әкімі.
Мерекелік концертте «Нұр-Сұлтан» сазды хореографиялық композициясы ұсынылды. Еңселі Елордамызға арналған мерекелік іс-шара жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күл сыйлады. Салтанатты жиын мұнан соң Шымкенттің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.
«SN.kz» - ақпарат»