$ 444.22  476.38  4.82

Бүркіттің атышулы қарындасы тұрмысқа шықты

Мұсылман куәлігін жариялаған Әсел көпшіліктен сүйінші сұрап, құттықтауларын сұрады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл туралы Әсел өзінің Instagram-парақшасында хабарлады. 

Атышулы қыз бұрын ажырасқан, бір ұлы бар. Мұсылман куәлігін жариялаған Әсел көпшіліктен сүйінші сұрап, құттықтауларын сұрады.

«Статусымды өзгерттім. Құттықтауларыңызға рахмет», - деп жазды ол.

«Бір үйдің келіні» деген жаңа атаққа ие болған ол парақшасында әлеуметтік желідегі жазбаларының бағыты өзгеру-өзгермейтіні туралы сауалнама да ұйымдастырып үлгерді. 

«Жылы лебіздеріңізге көп рахмет. Сауалнама: Инстаграммдағы бағытым өзгере ме, әлде жоқ па?», - деді Әсел Асқар.

Желі қолданушылардың көбі Әселге бақыт тілеп жатса, кейбірі теріс пікірлер қалдырып жатты.

«Сенің миыңды өзгерту керек, жазба бағытын емес», «Отбасылық тақырыптар қозғалатын сияқты енді», «Бақытты бол», «Бұны кім алып жатыр екен?», «Аяқ астынан бады қалай тез тауып аласындар осы?», - деп жазды желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары