$ 494.87  520.65  4.91

«Бүгін бізге 15 жыл»: Мейрамбек Бесбаев үйленген сәтін еске алды (ФОТО)

Желі қолданушылары Бесбаевқа бақыт тілеп, келіншегімен бір жастықта қартаюға жазсын деп пікір қалдырып жатыр.

Бала күнінен «Бозтарғай» әнімен танылып, «МузАРТ» тобының атағын аспандатқан Мейрамбек Бесбаевтың үйленгеніне 15 жыл бопты. Қуанышты жаңалығын өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. 

«Бүгін бізге 15 жыл» деп жазба қалдырған әнші үйлену тойындағы түрлі суреттерін жариялаған. 

Желі қолданушылары Беспаевқа бақыт тілеп, келіншегімен бір жастықта қартаюға жазсын деп пікір қалдырып жатыр. 

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев пен сырдың қызы Мархабат Беспаева бүгінде бір ұл бір қыз бала тәрбиелеп отыр.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары