Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматыдағы кофеханада басынан өткерген оқиға жайлы баяндап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sn.kz.
Қоғамдық орында 4 қыздың бейәрекетіне «қарны ашқан» миллионер қыздардың тәртіпсіздігі туралы жазба қалдыруды жөн көріпті.
«Менің кешкілік рахатымды көрші үстелде отырған «ханшайымдар» бұзды.
Олардың жасы шамамен 18-20-да. Бірақ олардың «А-ха-ха, еб... в рот! Да на х... это надо!» құдды бір рэкиттер секілді сөйлеген сөздері құлағыма түрпідей тиді.
Кештің шырқы тек мен үшін бұзылған жоқ. Көрші үстелде балаларымен демалуға келген адамдар отырды, алайда барлығы қоғамдық жерде тәртіпсіздік танытпас үшін үндемеді.
Қоғамдық орында отқаныңды ескере отырып, айналаңа қарап, тәртіп сақтау олар үшін қиын сияқты. Болашақ ана деп сыйлап жүрген бойжеткендеріміз күлсауытқа түкіріп, «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатыны» жүрегімді ауыртады. Оларды түзету мақсатында сын айтсаң да жақпайсың.
Ақырзаман жақындаған сияқты..., - деп ашынды Құдайберген.