$ 449.3  489.69  4.89

«Айғайлайтын жерінде өшіріп тастаймын»: отандық әнші Димаштың әндерін ұнатпайтынын айтты (ВИДЕО)

Сондай-ақ, ол қазақ эстрадасы Димаштың стилінде дамығанын қаламайтынын айтты.

Отандық әнші Қанат Үмбетов Димаш Құдайбергеннің концертінде отыра алмайтынын айтты. Бұл туралы ол тележурналист Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Димаш - мықты әнші. Оны біз тұрмақ, әлем мойындаған. Бірақ мен өз басым Димаштың концертіне барып, басынан аяғына дейін отыра алмайтын едім», - деді ол. 

Сондай-ақ, ол қазақ эстрадасы Димаштың стилінде дамығанын қаламайтынын айтты. 

«Мен өз табиғатымда айғайлай беретін  диапазоны қатты әндерді тыңдай алмаймын, Димаш болсын, басқасы болсын. Бір ән ұнап келеді де, ортасында айғайлап жіберсе, өшіріп тастаймын», - деді Қанат Үмбетов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары