Тойда «Бұлбұл» әніне пародия жасаған баланың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.
Барлығы оған тәнті болып, өз парақшаларына жарыса бөлісуде.
Видеода тойға келген баланың әншінің орындауындағы әнге қосылып, мимикамен пародия келтіріп отқаны көрінеді.
Осы тұста баланың қылығы желі қолданушыларды сүйсіндіріп, олар видеоның астына пікірлер қалдыруда.
«Мында әнді үнемі тыңдап жүрген бала ғой», «Керемет, қаншама халыққа күлкі сыйладың», «Джим Керридің балалық шағы», «Бұл да өнер», «Өнерің өрге жүзсін, балапан»- деп жазды олар.