$ 494.87  520.65  4.91

«Мен ойлағаннан басқаша болды»: Әсел Асқар жаңа күйеуі мен ұлының қарым-қатынасын айтты

Оның айтуынша, жаңа күйеуі ұлымен тез тіл табысып кеткен. Балаларды жақсы көретін адам екен.

Атышулы Әсел Асқар ұлы мен жаңа күйеуінің қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жаңа күйеуі ұлымен тез тіл табысып кеткен. Балаларды жақсы көретін адам екен. 

«Кез келген ана баласының болашағына алаңдайды. Өмірімде жаңа адам пайда болған кезде қатты уайымдадым. Мен екеуін таныстырар кезде қобалжыған едім. Бірақ бәрі мен ойлағаннан басқаша болып шықты. Екеуі мінезі жағынан ұқсас болып шықты, тез тіл табысып кетті. Жолдасым Айбек әкелік тәжірибесі жоқ болса да, ұлымды бауырына баса білді. Басында мен үшін тырысып жатқан шығар деп ойладым. Алайда, Айбек кішкене балаларды жақсы көреді екен», - деп ағынан жарылды Әсел.

Бүркіттің қарындасы жаңа күйеуі ұлын шын жақсы көріп қабылдағанына дән риза. Ол тағдырына осындай азамат жолыққанына қуанышты екенін жеткізді. 

«Мен өте бақыттымын. Енді бақытты үшеуміздің көзімізден аңғаруға болады», - деп қуанышын жасырмады Әсел Асқар.

Айта кетейік, жақында бір ұлы бар Әсел Асқар желіде тұрмысқа шыққанын жариялаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әсел Асқар