20.07.2019, 05:51

«Жүрегімдесің, досым»: Димаш Құдайберген Денис Тенді еске алды

«Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің».

Мегажұлдыз Димаш Құдайберген былтыр автоұрылар қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арнап жантебірентерлік жазба қалдырды. 

«Өзіңмен жүздескен, тілдескен, танып білген әр жанның мәңгі сана-сезіміндесің. Сен әрдайым менің есімдесің, жүрегімдесің досым!

Сенің бойыңдағы қасиет: Өз ұстамыңа беріктігің, ерен еңбегің, кәсібіңе деген құрметің, Отанға деген адалдығың - еліңе, жас ұрпаққа үлгі, қағида болып қала береді»- деп жазды Димаш Құдайберген İnstagram-парақшасында. 

Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр шілде айының 19-ы күні автоұрылар қолынан қаза тапқан болатын.