23.07.2019, 16:43

«Қайда асықтың?»: мектепті кеше бітірген Фариза Төреәлі тұрмысқа шықпақ

«Мен «иә» дедім», - деп жазылған суреттің астында.

Жақында мектеп бітірген Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі тұрмысқа шықпақ, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Фариза өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

«Мен «иә» дедім», - деп жазылған суреттің астында. 

Бақыттан жүзі бал-бұл жанған арудың парақшасында желі қолданушылары әртүрлі пікірді аямай жазып жатыр.

«Кеше ғана мектеп бітіріп, тұрмысқа шығам дегенің ерте емес пе?», «Бақытты бол, Фариза», «өте ерте», «сондай қуаныштымын», «қайда асықтың?», - деді олар.