Танымал әнші Қайрат Нұртас Джеки Чанмен кездесу бақыты бұйырмағанын айтты, деп жазады Sn.kzақпараттық порталы.
Ол бұл туралы өзінің Instagram-парақшасына Димаш пен Джеки Чанның суретін қойып жариялады.
Қайрат Нұртастың бала кезінен арманы әлемге танымал экшн-актермен жолығу екен. Осындай бақыттың өнердегі інісі Димаш Құдайбергенге бұйырғанына қуанып, жолының ашық болуын тіледі.
«Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді, маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін! Басыңнан бағың таймасын Димашжан!», - деп ыстық лебізін білдірді ол.
Қайрат Нұртастың Димаш туралы жазғаны халық арасында әртүрлі пікір қалыптастыруда.
«Саған да бұйырады, Алла жазса», «Сен қазақтың Джеки Чанысың», «Димашқа жету қайда?!», «Джеки Чанның арманы сенімен кездесу Қайрат», «Жұрттар сияқты жамандамағаныңа шүкір», - деп жазды желі қолданушылар.