$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова: «Ішімдікке тойып алған видеом бүкіл интернетте жүр» (ВИДЕО)

«Таңғы сағат 5 кезінде Атыраудың балығын жеп, сыра ішкенмін. Жанымда отқан балалар амандасып, ашырағын ұсынды. Мен жеңілдеу деп сыра құюын сұрадым».

Танымал әнші Мақпал Жүнісова сүрінген кездерін еске алды, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Естеріңізде болса, youtube арнасында әншінің ішімдікке тойып алған видеосы тараған болатын. 

Ол осы видеоның болған оқиға екенін Мұхит Сапарбаевтің «Сұхбат» бағдарламасында мойындады. Өзінің теріс жолға бет бұрып, сүрінген кездері екенін айтып ақталды.

«Сүрініп кеткен кездерім болды. 7-8 жыл бұрын Зәкең қайтқан кездерде, мен оны жасырмаймын. Ішімдікке тойып алған видеом бүкіл интернетте жүр. Сахнаға ішіп шыққан емеспін. Таңғы сағат 5 кезінде Атыраудың балығын жеп, сыра ішкенмін. Жанымда отқан балалар амандасып, ашырағын ұсынды. Мен жеңілдеу деп сыра құюын сұрадым. Соны жасырын камераға түсіріп алған ғой», - деді Мақпал Жүнісова.

Арнада сұхбатты тыңдағандар жарыса пікір қалдырып жатты. Біреуі даттаса, біреуі қолдау көрсетіп, ақ тілектерін аямады.

«Іше ме, ішпей ме, өзі біледі», «Өте ақкөңіл жансыз», «Ешкімді тыңдамаңыз, керемет адамсыз», «Өте ұят болды сыра ішкеніңіз көшенің қақ ортасында», «мойындаған да ерлік», «қатты қиналғаннан осындай жағдайға барған ғой», - деп жазды желі қолданушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары