Бүгін «Қош енді қош бол, күрең күз» деп қазақ даласын күңіренткен бұл-бұл әнші Мәдина Ералиеваның туған күні. Өнер иесін Мақпал Жүнісова еске алып, İnstagram-парақшасына жазба қалдырды.
«Бүгін марқұм Мәдина Ералиеваның туған күні. Бірге еске алайық. Топырағы торқа болсын. Қайталанбас дара тұлға еді», - деп жазды ол.
Ән әлемінің Ақбаянына айналған Мәдина Ералиева 2000 жылы 46 жасқа қараған шағында жол апатынан қайтыс болған еді.