Шырын Нарчаева әр сұхбатына гонорар алуға шешім қабылдаған, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы Oybay SHOW бағдарламасына сілтеме жасап.
Сәукеле киіп, төсін жалаңаштап танылған Шырын Нарчаева әр берген сұхбатына не үшін ақша алатынын түсіндірді. Және оған сұхбат барысында жүктілік қалай өтіп жатқаны туралы сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, танымалдылығын пайдаланып, қаралым жинағысы келетін бағдарламалардың қарасын азайту керек екен. Өйткені, тегін түсіріп, өз пайдасын ойлаған ұсыныстар көбейіп кеткен. Және Шырын Нарчаева жүктілікке қатысты сұрақ қоймауын сұрады.
«Бұл менің алғашқы сұхбатым. Жүктілікке қатысты сұрақ қоймаңыз түсірілім барысында. Жоқ, мен жүкті емеспін. Сұхбат үшін неге ақша сұрайсың десеңіздер, бұл видео қаралым жинайды. Менің бұған анық көзім жетті. 200-300 мың қаралым жинайтыны анық. Жобаларға қатысатын кезде мен сценарийге қатты қараймын», - деді Шырын Нарчаева.
Жалаңаштанудан қорықпайтын ол барын көрсетуден тайсалмайтынын айтты. Бірақ желіде адамдардың пікірлері көңіліне қатты тиетінін де жасырмады.
«Жақында бір жарнамаға түстім. Мен іш киіммен жүру керек едім. Мен мұны қатты ұят санамаймын. Төс бәрінде бар. Сіздердің пікірлеріңіз маңызды емес, бірақ жүрегіме тез қабылдап қаламын. Бәрібір сияқты қарасам да, іштей жаман боламын», - дейді Шырын Нарчаева.
Жүкті емесін білген жүргізуші одан қыздыққа қатысты сұрағын да қойды. Шырын Нарчаева үй жағдайындағы қыз екенін айтып, арын болашақ жарына сақтап жүргенін сөз етті.
«Мен қызбын. Сіздерге осы тұста бір құпияны ашқым келеді. Жасың ұлғайған сайын қыздығыңнан айырылғың келмейді. Шынымды айтсам, мұның қалай болатынын да ойлаған емеспін. Оны жалғыз адам үшін сақтап жүрмін. Ол адам менің болашақ жарым болса екен деп ойлаушы едім. Болды. Меніңше, бұл нәрсе тойдан кейін болуы керек. Мен солай болғанын қалаймын», - деді бойжеткен.