$ 494.87  520.65  4.91

Қыздарға «ана жеріңе ие бол» дейді, ал ұлдарға айтпайды – Баян Алагөзова (ВИДЕО)

Зорланып жатқан, түсік жасатуға мәжбүр болған қыздарды кінәлайтын аналарға, алдымен, ұлдың тәрбиесіне аса мән беру керектігін айтты.

Баян Алагөзова қыздардың бүлінуіне кінәлілерді атады, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы ол Youtube желісіндегі «The real gap» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Оның ойынша, қазақтар келінді құл ретінде көреді. Келін жаңа отбасы үшін жұмысынан шығып, тек бала тәрбиесімен айналысуы тиіс екен. Және ол ұл мен қыздың тәрбиесін бөліп-жаратындарға келіспейтінін айтты.

«Біздің миымызда келін деген еркі жоқ құл деген ұғым қатып қалған. Аузыңды жауып, өзіңнің ойыңды айта алмайсың. Келіннің өзіндік мені, пікірі, құқы бар дегенді ойламайды», - дейді Баян Алагөзова.

Ал қазіргі қоғамда орын алып жатқан жантүршігерлік оқиғаларға да Баян Алагөзова өзінің көзқарасын білдіріп кетті. Зорланып жатқан, түсік жасатуға мәжбүр болған қыздарды кінәлайтын аналарға, алдымен, ұлдың тәрбиесіне аса мән беру керектігін айтты. 

«Бізде ұлдарға бәрі болады. Қыздарға «ана жеріңе ие бол» дейді, ал ұлдарға айтпайды. Ал қыз сол үшін жауапқа тартылады. Тек қыз бала байқұс абортқа барып, денсаулығына зиян келтіреді.  Ал ұлдары бар аналар қызды сыйла деп айтпайды. Өзіңнің және қыздың денсаулығын ойла демейді», - деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары