Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде «Золотой Витязь» 13-інші халықаралық театр форумының Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Ресей астанасында өткен кеште талғампаз көрермен назарына астаналық өнер ордасы «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасын ұсынған болатын. Осы додада сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов, актер Әбілмансұр Серіков және актриса Ақмарал Танабаева «Золотой Витязьдің» дипломанттары атанды.