Мәдениет & Шоубиз 17.07.2014 сағат 05:45

Қазақтың салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО сақтайтын болады

Қазақтың салт-дәстүрлерін ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргізу ойда бар. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

― Қазіргі таңда біз айтысты, қазақ үйдің жасалу ерекшеліктерін, бүркітпен аң аулау сынды көптеген дәстүрлі шараларды ЮНЕСКО-ның тізіміне кіргізудеміз. Бұл ұйымның атаулы күндер атты күнтізбесі бар. Біз соған Семей антиядролық қозғалысының, Аралды құтқару қорының құрылған күнін кіргізбекпіз. Жалпы, істеліп жатқан шаралар көп. Біздің мақсатымыз ЮНЕСКО жиынының елімізде өтіп жатқанын пайдаланып, Қазақстанның ерекше сақталатын салт-дәстүрлерін осы ұйым тізіміне кіргізу, ― деп атап өтті министр.

Айта кетейік, 22-24 шілде күндері Елордада ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың бірінші өңіраралық кеңесі өтеді. Бұл жиын әлемдік ауқымда алғаш рет ұйымдастырылайын деп отыр. Кеңес жұмысына ЮНЕСКО-ға мүше 130-дан астам мемлекеттің ұлттық комиссияларының өкілдері және АЛЕКСО, ОАЗХИ, ТҮРКСОЙ сынды серіктес халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар