12.08.2019, 12:20

«Әр әнші мүмкіндігінше жұмыс істейді»: Гүлнұр Оразымбетова министрліктің шешіміне пікір білдірді (ВИДЕО)

Оның айтуынша, саны көп сапасы жоқ әндерді іріктейтін кеңес құрылуы керек екен.

Гүлнұр Оразымбетова министрліктің фонограмманы алып тастайтынына наразылығын білдірді, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы.

Ол «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында фонограмманы мүлде алып тастауға қарсылық танытқанын алға тартып, мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, саны көп сапасы жоқ әндерді іріктейтін кеңес құрылуы керек екен.

«Арнайы көркемдік кеңес құрылып, мемлекет тарапынан, өнерге қатысы бар кісілердің тарапынан бақылау болса, ондай әндер өшеді ғой. Бірақ оларды да жоққа шығара алмайсың. Халыққа керек болып тұрады. Тез жатталады, тез ұмытылады. Себебі, оған ұқсас тағы бір ән шығады», - дейді Гүлнұр Оразымбетова. 

Белгілі әнші жаңа әндердің туындай беруіне шектеу қоймау қажеттігін айтты. Өйткені сапасыз әндердің ғұмыры ұзаққа бармайды.

«Әр әнші өзінің мүмкіндігінше жұмыс істейді. Оған шектеу қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан жасалған дүние жасала берсін. Оған, керісінше, қуану керек», - дейді Гүлнұр Оразымбетова.