$ 494.87  520.65  4.91

«Қазір жастар табыстарын өздері ұстайды»: Жанар Айжанова отбасылық қаржыға қатысты ой қозғады

Оның ойынша, ене атаулылар жас отбасының қаражат мәселесіне араласқаны дұрыс. Өйткені қазіргі жастар «дайын асқа – тік қасық» деп жүреді екен.

Желіде даналығын танытып, өз көрген-білгенімен бөлісіп жүрген Жанар Айжанова осы жолы отбасы қаражатына қатысты жазба қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның ойынша, ене атаулылар жас отбасының қаражат мәселесіне араласқаны дұрыс. Өйткені қазіргі жастар «дайын асқа – тік қасық» деп жүреді екен. 

Жанар Айжанова өзінің Instagram-парақшасында келін мен баланың ақшасына араласуға қатысты көпшілікке сауал тастады.

«Сіз келін мен баланың ақшасына араласасыз ба? Көбіне отбасында сол үшін де соғыс болып жатады. Жасыратыны жоқ қазір жастар табыстарын өздері ұстайды. Бірақ көбісі не болса соған ретсіз жұмсап, бекерге ақшаларын құртып жатады. Дайын асхананың тамақтарын алып жейді болмаса, тапсырыс беріп бірдеңелер ала салады. Міне осы кезде өмірден жиған- тергені бар ененің жастарға ақылы ауадай қажет. Бұл жағдайда жас келін енеге міндетті түрде құлақ түргені дұрыс. Мысалы ақшасы бар бірақ, тамақ істеу үшін күнде штуктап окорачка алып жүрген келінге енесі 10-15 келіден ет алып, содан түрлі тамақ істеуді үйретсе қандай керемет. Бір жағынан эконом әрі табиғи үйдің таза тамағын жейсің», - деді ол. 

Әнші ененің ақша ұстаудағы ұтымды жолдарымен бөлісе отырып, қалған ақшаны үй ,көлік алуға немесе өз балаларының болашақ оқу, жүріп тұруына тиындап жинауды үйрететінін жастарға жеткізгісі келді. 

«Олар ойлайды баламыз жас, өсем дегенше ақша жинап үлгереміз деп. Ол дұрыс емес. Аналарымыз айтып кеткен " алты жастан жинасаң асар, жеті жастан жинасаң жетіп жығылар" деп. Қазір баяғыдай кететін қызға деп сандық толтырып дүние жинамайды. Ақшаң болса дүкенде, базарда бәрі бар. Сондықтан жас отбасы табыстарының 10% ерінбей жинап отырғаны дұрыс деп ойлаймын», - деп кеңес берді Жанар Айжанова. 

Танымал жұлдыздың айтуынша, ене қаржылық мәселені дауға айналдырмай, ақылмен шешімін тауып отырса, үйде береке болады. Және бұл жағдай ене мен келіннің жақындасуына септігін тигізетініне сенімді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары