Эстрада әншісі Жазира Байырбекова отбасын енді құрған шағындағы қиын күндерін еске алды. Бұл туралы ол Жеңіс Ысқақоваға берген сұхбатында айтты.
«Жанболат, мен енді ауылға бармаймын дедім. Жұмыс жоқ. Не істейміз бәріміз ауылда дедім шұбырып. Жанболат үй салып жатқан, кірпіш тасып. Мен де жанында сылақ сылап көмектесіп жүргем. Содан ол «Мен де бармаймын» деді. Арамызда ешқандай пікірталас болмады. Содан ары қарай, қара жұмыстың қара жұмысына кірісіп кеттік», - деп еске алды ол ескі күндерін.