$ 494.87  520.65  4.91

«Бәрібір жәл.псің»: Ләйлә Сұлтанқызы жағымсыз пікір жазатындарға жауап берді

Ол ауыр сөз айтқандардың пікірін скриндеп, желідегі парақшасына жазды.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы İnstagram әлеуметтік желісінде жағымсыз пікір қалдыратындарға қатысты жазаның күшейгенін айтты.

Ол ауыр сөз айтқандардың пікірін скриндеп, желідегі парақшасына жазды. Онда «Сенен маймыл әдемі шығар», «...өтірік күле бермеші. Бәрібір жәл.псің түк жараспайды» деген сарындағы бірнеше сөйлем бар. 

Осы орайда Сұлтанқызы жеке басқа қол сұғып, намысына тиетін мұндай жанжардың жазаланатынын қадап тұрып айтты.

«Ауыздарыңа ие болыңдар! Елбасы бүгінгі жиналиста желіде жала жауып, ғайбат сөздер жазған адамдардың жазасын ауырлатуды тапсырды»,  - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары