$ 498.34  519.72  4.85

«Баламыз екі айға толғанда шетінеп кетті»: Асылбек Боранбаев «Той жыры» бағдарламасында сұхбат берді

Сол кездері өнер иесі ұл тумадың деп айтып көрген емеспін, барға шүкір дедім дейді.

Асылбек Боранбаев өміріндегі ең ауыр сәт туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz, «Той жыры» бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал актердің бірінші перзенті туа салысымен басқа ауруханаға жатып, денсаулығы сыр берген. Артынша екі айдан аспай тұрып-ақ шетінеп кеткен. Бұл туралы актердің келіншегі айтып берді. Баласынан айырылып, қан жұтқан кездерін естеріне алды олар.

«Мен бір айға жуық перзентханада жаттым. Барлығы кәдімгідей гүлдерімен, орталық есіктен шығып жатса, біз артқы есіктен баласыз шықтық. Бала басқа ауруханада жатты. Таныс таптық. Сосын екі айға толғанда бала шетінеп кетті», – дейді актердің келіншегі.

Артынша актердің келіншегі үш қыз сыйлап қуантқан. Сол кездері өнер иесі ұл тумадың деп айтып көрген емеспін, барға шүкір дедім дейді. Ал бүгінде әзілкеш төрт қыз, бір ұлдың әкесі атанған. Дегенмен, қыздарымның мейірімі ерекше дейді ол.

«Әрбір азамат ұл болғанын қалайды. Бірақ мен осы уақытқа дейін әйеліме қыз босандың деп артық әңгіме айтқан емеспін. Өйткені менің мәдениетім бөлек. Ұлдың орны басқа, бірақ, қыздарым мені ерекше жақсы көреді, басқаша сыйлайды», – дейді Асылбек Боранбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#актер