Рано Омарова оқырманын орнына қойды, деп хабарлайды Stan.kz.
Танымал әнші желідегі парақшасында адамның өзін-өзі бағалауы туралы жазба қалдырып, жұртқа кеңес берген. Ол өзіңе деген сүйіспеншіліктің бәрінен жоғары болуы керек екенін айтып ағынан жарылған болатын.
«Егер сіз үшін басқа адамдардың пікірі маңызды және сізді басқару оңай болса немесе сіз басқалардың мүддесі үшін өмір сүретін болсаңыз және басқалар сізді бағаламаса, құрметтемесе, демек, сіз өзіңізге қамқорлық жасауыңыз керек. Әсіресе, өзіңізге деген сүйіспеншілікті арттырыңыз. Өйткені, өмір бір-ақ рет беріледі. Демек, сіз де баға жетпес адамсыз», – дейді Рано Умарова.
Дегенмен, өнер иесінің сөзіне мән бермеген жұрт оған ауыр сөз айтып, сыртқы бейнесіне қатысты пікір білдірген.
«Омырауыңыз болмаса да өзіңізді ұстап жүрсіз», – деп өнер иесін балағаттаған желі қолданушыларының бірі.
Мұны көрген Рано Омарова шамданып қалған. Алайда, өзінің сырт келбетіне қатысты сынды жақсы қабылдады ол. Бірақ, желідегі оқыманын орнына қойды.
«Мен омыраусыз, ал сен мисыз шыдап жүрсің», – деп жауап қатты Рано Омарова.