$ 448.15  483.46  4.86

«Қызы шығар»: Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында үйленді (ВИДЕО)

Нақты деректерге сүйенсек, той 26 тамыз күні Алматы қаласында өткен.

Желіде халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов шаңырақ көтеріп жатқан видео пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

82 жасында жастық шаққа саяхаттаған атақты жұлдыздың жас келіншегі - белгілі тележүргізуші Жадыра Сейдеш болып шықты. Ол "Қазақ радиосы", "Қазақстан" телеарнасы және КТК арнасында қызмет атқарған.

Той туралы жаңалықты алғашқылардың бірі болып Қуандық Ешмет есімді азамат өзінің Instagram-парақшасына жариялады.

Нақты деректерге сүйенсек, той 26 тамыз күні Алматы қаласында өткен.

«Қазақстан Республикасының халық әртісі  Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті, құтты болсын ағайын!
Мықты болсаңдар, 82 жасқа келгенде әйел алып көріңдер. 

Нұрғали ағам бүкіл қазақ жігіттеріне үлгі болып, қара көз қыздарды Қытайға бермеудің бір жолын көрсетті», - деп жазылған жазба астында.

Бұл жаңалыққа таңырқаған желі қолданушылары жарыса пікір қалдырып жатты. Келіншегінің жас көрінгендігін сөз етіп, «қызы шығар» деп жатқандар да табылды.

«Бул киси омир бойы 1 рет уйленип жатыр-ау», «қызы шығар», «Ақша не істетпейді, қайдағы, бұрын неше қатын алғанын бір құдай біледі, әншілерге сенуге болмайды», «құтты болсын», «Махаббат айтып келмейді», «Жастар бақытты болсын», «Шалдар құтырды ғой», - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрғали Нүсіпжановтің алғашқы Айгүл есімді жарынан 5 баласы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары