$ 494.87  520.65  4.91

Динара Сәтжан «Хабар» агенттігінің бас продюсері болуы мүмкін

Ол «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды.

Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан "Агентство "Хабар" АҚ бас продюсері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі. 

"Мен Ерлан Бекхожиннің осы лауазымға қабылдау ұсынысына келістім. Ресми тағайындау күні бұйрыққа қол қойылғаннан кейін белгілі болады", - деді Сәтжан.

Динара Сәтжан - қазақстандық журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер, қазақстандық мультибренд дүкендер желісінің иесі, сондай-ақ Dinara Satzhan Fashion Group брендінің иесі әрі блогер. 

"Хабар" телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды. "Қазақстан аруы-2008" байқауының жеңімпазы, "Статус QUO" және "Sky Студия" бағдарламасының авторы және жүргізушісі. 

2017 жылы "Қазақстан" ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты. 

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Астанадағы Kazakhstan Fashion Week жобасының серіктесі болып табылады. "#Динара Сәтжанмен Немишлен" жобасының авторы және жүргізушісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары