Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан "Агентство "Хабар" АҚ бас продюсері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"Мен Ерлан Бекхожиннің осы лауазымға қабылдау ұсынысына келістім. Ресми тағайындау күні бұйрыққа қол қойылғаннан кейін белгілі болады", - деді Сәтжан.
Динара Сәтжан - қазақстандық журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер, қазақстандық мультибренд дүкендер желісінің иесі, сондай-ақ Dinara Satzhan Fashion Group брендінің иесі әрі блогер.
"Хабар" телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды. "Қазақстан аруы-2008" байқауының жеңімпазы, "Статус QUO" және "Sky Студия" бағдарламасының авторы және жүргізушісі.
2017 жылы "Қазақстан" ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты.
2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Астанадағы Kazakhstan Fashion Week жобасының серіктесі болып табылады. "#Динара Сәтжанмен Немишлен" жобасының авторы және жүргізушісі.