Танымал әнші Нұржан Керменбаев экс-сүйіктісінің өліміне қайғырып, көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы «Капкарашка» өзінің Instagram-парақшасында Жанардың суретімен жазба жариялады.
Оның айтуынша, Жанар Хамитова соңғы хатын әншімен ортақ досы Ерлан Алимовке жолдаған. «Хайп үшін» Нұржанға жала жапқан Жанар өкінетінін және одан кешірім сұрауын өтініпті.
«Суық хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын.
Кезінде "Арнау" дуэтінің экс-солисі болғандықтан да маған көптеген смс хаттар жолдануда. Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім.
«Нұржан, сен ақша қарызсың, қайтар», деп сайрандап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар. Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар. «Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан» деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен «Хайп үшін» айтқанын жеткізді. Сол ортақ достарымыз куә. Менің Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша, өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып, күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық, ағайын!
Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар:
Біреудің мінін тергенше,
жамандығын көргенше,
өз ойыңды мазалап, өз бойыңды тазалап,
өзіңмен күрес өлгенше...
Жанардың отбасына, ағайын-туыс, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жататын жері жайлы, топырағы торқа болғай!», - деп жазды әнші.