Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбектің арасында басталған дау әлі жалғасуда. Дәулетбектен зәбір көргендер саны күн сайын артып келеді. Актер Ерболат Төлеген журналистпен арадағы дау-дамайды айтты.
«Әлеуметтік желіге бас сұғып отыруға көп күннен бері уақытым болмай кетті. Ләйла Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбекқызының дауына қатысты менің де айтарым бар - ол шындық. Өйткені, кімнің кім екенін жұрт білуі тиіс! Былтыр Бибігүл Дәулетбекқызының мені «Алматы» арнасынан шығатын «Беу, туған жер» деген бағдарламаға жүргізуші болып келуімді өтінді. Келісім бойынша Бибігүл маған бүкіл еңбегім үшін 700 мың теңге төлейтін болды. Басында бәрі осылай әп-әдемі басталған. Жұмыс толық аяқталғанда Бибігүл уәдесінде тұрмай, маған 250 мың теңге ғана төледі. Қалған 450 мың теңгені төлеуден түрлі сылтау айтып, қаша бастады. Осылай айтысып жүргенде тағы бір бағдарламаны қосымша түсіруіміз керек боп қалды. Бірақ сол бағдарламадан кейін қалған 450 мың теңгемді төлейсің» деп, арқасынан қақтым. «Иә, иә! Төлеймін!» деп орнынан қуана атып тұрды. Бірақ қайдағы төлеген? Бағдарлама біте салысымен жазылған флешканы алды да маған «сау бол!» деместен тайып тұрды. Арада бірнеше күн өтті. Бибігүлден тырс еткен хабар жоқ. «Телеарна шынымен төлемей жатқан шығар» деген оймен «Алматы» арнасына, Рита Кенжеаловнаға бардым. Сөйтсем, Рита Кенжеаловна: «Біз Бибігүлге қарыз емеспіз. Бүкіл ақшасын баяғыда төлеп қойғанбыз!» дейді. Ауылдан анам келіп, көлікте келе жатқанбыз. Есіме Бибігүлден алашақ ақшам түсіп, анамның көзінше телефон соға қойғам. Арғы жақтан Бибігүл телефонды көтерер-көтермес: «Ей! Ептывайымайт! (автордың жазбасы бойынша өзгеріссіз алынды - ред.) Мен сені жұлдыз қылдым! Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым! Миымды ашытпай жоғал, ары!» деп айқай салды да, трубканы тастай салды. Бұл сөздерді жанымда отырған анам да естіп отыр», - деп жазады ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.