Мәдениет & Шоубиз 18.09.2019 сағат 17:25

Қазақ қыздары ақша үшiн ұлтын сатуға дайын - Бекжан Тұрыс

Түркияның бiр актрисасы фильмге түсуден бас тартып, елiне қайтады. Сондағы себеп, сценарий бойынша бiр эпизодта әлгi сұлу кеудесiн жарқырата ашып жiберуi керек екен.
Қазақ қыздары ақша үшiн ұлтын сатуға дайын - Бекжан Тұрыс
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал актер Бекжан Тұрыс қазақ қыздарына қатысты ой толғады, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, қазақ қыздары ақша үшін бәріне дайын екен. Өзге ұлт өкілдерін төбелеріне көтеруге дейін баратыны оны қынжылтатын көрінеді. 

"Түркияның бiр актрисасы Голливудқа барыпты. Өте көрiктi, ерекше жаратылған жан болса керек. Голливуд оны қуана қабылдайды. Бiрақ ол фильмге түсуден бас тартып, елiне қайтады. Сондағы себеп, сценарий бойынша бiр эпизодта әлгi сұлу кеудесiн жарқырата ашып жiберуi керек екен. Ал Голливуд актерлерiнiң бiрi бiрнеше секунд оның кеудесiне "тұмсығын тыға" тұруы керек екен.

Сонда әлгi түрiк қызы не деген дейсiз ғой. "Мұндай арсыздыққа Шығыс дәстүрi, халқымның тарбиесi рұхсат етпейдi" дептi. Oған Голливуд миллион ұсынады. Ал ол "5 миллион болса да, қалталарыңа салып қойыңдар" дейдi де, дереу билет алып Түркияға ұшып кетедi.

Кейiннен осы мәселе Түркия Парламентiнде сөз болып, әлгi актрисаға айтарлықтай ақша берiлiптi. Мiне, ұлттық намыс деген осы! Ал бiзде қалай, жартылай жалаңаш, орыс киносы мен клиптерде жүрген актрисасымақтарымыз ақша үшiн ұлтын сатуға дайын", - деп жазды Бекжан Тұрыс.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар