Тұрмысқалы шыққалы жатқан әнші Луина бүгін мұсылман куәлігін алды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-парақшасында жариялады. Қуанышты жаңалығымен бөліскен әнші жақында жатын киіммен қызойнақ өткізген болатын. Бүгінде мешіттің алдында суретке түскен әнші шариғат бойынша некелескенін мәлімдеді.
«Құттықтасаңыздар болады, енді әйелімін», - деп жазды Луина.
Алла үйінің алдында орамал тағып түскен суретіне жұртшылық риза болып, бақытты болуын жарыса тілеп жатыр.
«Бақыт тілейміз», «Құттықтаймыз», «Артем мұсылман болғаны ма?», «Мынадай киім өзіңізге жарасып кетеді екен», «Күте білген адам ең жақсысына кезігеді», «Жаным, бақытты бол!», «Жабық киім сондай жарасымды, осылай жүріңізші», «Күйеуің орыс емес пе? Неге мешіт?», «Күндіз имам, түнде Иван болуыңды қой енді», - деп жазды желі қолданушылар.