$ 444.22  476.38  4.82

«Жоски қадап кетті дейтіндей...»: Қайрат Нұртас пен анасы Уәлибектің «табалауына» жауап берді

«25 жылдық кешіне бара алмайтынын, өз жұмысымыз бар екенін айтқанда жасап отырған ылаңы ғой Уәкеңнің. Қайратты шақырғандар ақымақ дейді, сонда өзі неге ақымақ болып, қайта-қайта шақырып отыр?» – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Әнші Қайрат Нұртас пен оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың сынына жауап қайтарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгілі сықақшы Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында сол кездегі ОҚО әкімдігі ұйымдастырған гала-концертке келмей, өзін «алдап кеткенін» айтқан болатын.

Сұхбат барысында ол Айдарбековтер отбасына қатты есесі кеткендей, Қайрат Нұртастың жанды дауыста ән айта алмайтынын, сөйте тұра, тойға шақырған қалталылардан аса қомақты қаржы мен люкс қонақ үй талап ететінін қайта-қайта сөз етіп еді. Сол сәтте олардың отбасын «басында бұлардың барлығы базарда істеген ғой», – деп бір тұқыртып та алды.

Артынша, Қайрат Нұртас Instagram парақшасына әлеуметтік желілерде жеңіл-желпі ұйқас қуған өлеңімен танылған Саят Әбеновтің мына шумақтарын жүктей қойды:

«Қаралауға дайынбыз,
Табалауға дайынбыз.
Кінәсі жоқ жанды да
Жаралауға дайынбыз.

Құлатуға дайынбыз,
Жылатуға дайынбыз.
Жылап болған көзді де
Жұбатуға дайынбыз.

Өсектеуге дайынбыз,
Кесектеуге дайынбыз.
Біреулердің жиғанын
Есептеуге дайынбыз.

Қайда қалды хайырлы із,
Біреуге жау, уайымбыз.
О дүниеге кім білсін,
Бұл дүниеге дайынбыз!».

Оған дереу Нұрмахан есімді азамат: «Қайреке, Уәлибекті жоски қадап кетіпсің ғой. Әжептәуір жігіті ең ғой, Шымқаланың», – деп пікір қалдырды. Ал оған әншінің ана-продюсері: «Жоски қадап кетті дейтіндей, барамын деп уәде беріп, жарнамаға жариялатқан жоқ. Екі концертке шақырды, бара алмайтынын мен айттым, Қайрат емес. Қайрат қай күні қайда барам деп заказ алып отырмайды. Ол білмейді де, заказды алатын – біз. Тиіссе маған тиіссін, әкесіне де, Қайратқа да, одан қалса бүкіл өнер адамдарына тиіспей. 25 жылдық кешіне бара алмайтынын, өз жұмысымыз бар екенін айтқанда жасап отырған ылаңы ғой Уәкеңнің. Қайратты шақырғандар ақымақ дейді, сонда өзі неге ақымақ болып, қайта-қайта шақырып отыр?..» – деп жауап қайтарды.

 

Осыдан байқасаңыз, екі тарап та бірін-бірі «Гүлеке», «Уәке» деп отырып-ақ ащы сынның астына алған. Уәлибек Әбдірайымов әлгі сұхбатында Нұртас Айдарбековті «әйелінің айтқанынан шыға алмайды» деген мағынада сөксе, бұл жолы сол сөзді «Гүлекеңнің» өзі де «Тиіссе маған тиіссін, әкесіне де, Қайратқа да, одан қалса бүкіл өнер адамдарына тиіспей» деген реніші арқылы айғақтап тұрғандай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары