29.09.2019, 23:11

Димаш Құдайбергеннің әтірлері шықпақ

2 қазан күні керемет жаңалық тосып тұрғанын айтты.

Әнші Димаш Құдайбергеннің жеке әтірлері жарыққа шықпақшы. Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында мәлім етті.

"Кешкі қоңыр самалдан музыка жұпары сезіледі...Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер "DQ Scent of Music" ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды!

Біз 2 қазан күні баршаңызға шығармашылық ізденісіміздің жемісін ыстық ықыласпен ұсынамыз және сіздердің пікірлеріңізді, әділ бағалауларыңызды асыға күтетін боламыз!", - деп жазды әнші.