$ 498.34  519.72  4.85

Белгілі дінтанушы әлеуметтік желіде анасының аяғын жуатын әншілерді сынға алды

Кезінде сол сіздің де жамбасыңызды сүйіп өсірген анаңыз бен әкеңіздің қолын қазір көбіміз сүйе алмай қалдық.

Белгілі дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы ата-ананы тірісінде құрметтеп, ізет көрсетуге шақырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

"Ата-анамыз тірі кезінде оның қызметі мен бір ауыз сөзіне құлақ асудан артық нәрсе жоқ. Бәріңіз де баланың іші өтіп, киімі былғаған кезде жөргегін жуып, оны сүйіп өсірген жансыздар.

Кезінде сол сіздің де жамбасыңызды сүйіп өсірген анаңыз бен әкеңіздің қолын қазір көбіміз сүйе алмай қалдық. Мүмкін тәкәпарлық. Әйтеуір бірдеңе жібермейді...

Олар сізді "мен осының жолында өлейін" деген тілеумен өсірген еді. 

Шариғатымыз ата-ананы сыйлауға бұйырды. Кейбір жұлдыздар ата-анасының аяғын жууды тек Instagram үшін жасайтын болды.

Бұл елдің назары үшін емес, күнде болу керек дүние еді. Мына әлемді танытқан анаң болса, бұл дүниені аяғыңның астына, аузыңа салып берген адам - әкең.

Сол екеуі кеткеннен кейін тасқа, жерге жабысып жылаймыз. Ата-анамызды, қарттарымызды тірісінде қадірлейік",- деді Нұрлан қажы Бай­жігітұлы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дін