10.10.2019, 12:00

«Жындыханада емес пе?»: мүгедектер арбасына таңылған әншінің жағдайы халықты алаңдатты

фото: gakku.kz
Оқырмандары әншіге денсаулық тілеп, тез арада сауығып кетуін тіледі.

Бейбіт Құшқалиевтің мүгедектер арбасында отырған суреті халықты шошытты. Бұл туралы Сaravan.kz хабарлайды. 

Әнші желідегі парақшасында бірдей киім киіп, өзі мүгедектер арбасында отырған суретін жүктеп «Ауырмаңыздар!» деп жазды. 

Оқырмандары әншіге денсаулық тілеп, тез арада сауығып кетуін тіледі. Десе де, оқырмандардың бірі бірдей киініп алған суретке «Жындыханада емес пе?» деп жазды. Енді біреулері «Кинода ауырсаңыз да, өмірде ауырмаңыз» деп жазып, бұл бір жәй кинодан түсірілімдегі сурет деген болжам жасады.   

Тегтер: әнші