$ 494.87  520.65  4.91

«Апа сияқты болып қалдың»: ақ басты Байзақова жұрт назарына тағы да ілікті

Оқырмандары атышулы арудың бұл образына қатысты түрлі пікір білдірген.

Желіде жалаңаштанып танылған Айжан Байзақова тағы да жұрт назарына ілікті. Бұл жолы атышулы ару қара шашын ақ түске өзгертіп, жұртты таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз имиджіне өзгеріс енгізгенін Байзақова Instagram парақшасында көрсеткен.

Ол ақ түсті ұзын шашымен түскен видеоларын жариялап, желіде қызу талқыға түсті.

Оқырмандары атышулы арудың бұл образына қатысты түрлі пікір білдірген. Бірі оған мүлде жараспайтынын айтса, енді бірі керісінше үйлесіп тұрғанын жазуда.

Сонымен қатар, оқырмандар арасында Байзақованың шашын боямай, бар болғаны парик киіп алғанын айтқандар да болды.

"Айжан бұл түс саған түк жарасып тұрған жоқ" , "Апа сияқты болып қалдың" , "Леди Гагаға ұқсап кеттің" , "Бұл парик па? Әлде расымен қара шашыңызды жоқ қылдыңыз ба?" , "Өтірік, боямаған ғой" , "Парик сияқты" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары