$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа заң жобасы: Әншілер фонограмма арқылы орындайтынын көрермендерге ескертуі тиіс

Заң жобасын мәдениет және спорт министрлігі жасақтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бұқаралық мәдени-іс шараларды ұйымдастырушыларға әншілердің музыкалық туындыларды фонограмма арқылы орындайтындарын көрермендерге ескертуді міндеттемек, деп жазады "Айқын" газеті.

Мұндай заң жобасы ашық үкіметтің «Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдени мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. «Көрерменді ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындаушылардың фонограммаларды пайдалануы туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен хабардар етуге міндетті», - деп жазылған заң жобасында. 

Заң жобасын мәдениет және спорт министрлігі жасақтады. Түзетулер музыкалық туындыларды орындаушылардың деңгейін көтеру және репертуар сапасын жақсарту, сондай-ақ фонограмманы қолдану бойынша мәселелерді қалыпқа келтіру үшін енгізілуде деп хабарланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары